Құжаттарды қабылдау тәртібі
2026 жылы құжаттарды филиалға қабылдау екі кезең бойынша жүзеге асырылады:- бірінші кезең — 20 маусымнан 14 шілдеге дейін;
- екінші кезең — 26 шілдеден 9 тамызға дейін.
Оқуға қабылдау туралы өтініш берген кезде талапкер төмендегі құжаттарды ұсынады:- жеке куәлік (көшірмесі);
- жеке куәліктегі мәліметтер мемлекеттік тілде көрсетілген жағдайда, оның орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы;
- білім деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
- өту балы жеткілікті ҰБТ сертификаты;
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- № 063/у нысанындағы медициналық анықтама;
- дербес деректерді өңдеуге келісім туралы өтініш;
- көлемі 3 × 4 см болатын 6 фотосурет;
- жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар).